Қалай ойлайсыз сымбатты денеге ие болу үшін аптасына қанша рет дайындалған дұрыс және қандай уақытта жаттығуды жасау тиіс. Ойланып тұрсыз ба? Көп созбай бастайық.
Сіз өзіңіз жаттығуды қай уақытта жасайсыз және не үшін жасасайсыз?! Әуелі алдағы сұрақтарға жауап беріңіз. Тек қыздар қарасын деп пе? Әлде сымбаттылық үшін бе? Егер екіншісі болса сізге тұрақтылық керек болары анық. Себебі жақсы бітімді ұстап тұру өте қиын. Немесе сізге тек қыздарға ұнау керек шығар. Онда сіз жаттығуыңызды міндетті түрде қыздар көп өтетін жерде өзіңіздің жаттығуыңызды жасайсыз. Уақытын дәл қыздар қыздар көбейетін уақытта жасайыз! Қыздар келмей жатса кетіп қаласыз. Яғни бірден сіздің жаттығуыңыздың уақыты тұрақты емес болып қалады.
Енді осы сұрақты одан сайын зерттей түсейік. Сол себептен SN ютуб каналының жетекшісінен қандай уақытта тренировка жасаған жөн деп? Өте қызық жауап алдым. -Тренировканы кез-келген адам өзіне қолайлы уақытта жасаған дұрыс сонымен қатар тренировканы адам өзін қалай сезінеді соған қарау керек!Бұл жерден түсінетініміз тренировканы нақты бір уақытта жасау керек деген қағида жоқ. Мен Рамазанның әр түрлі уақытта жаттығу жасағанның көргенмін. Тіпті өзімде солай жасаймын.
Ютуб хостингінде танымал Игорь Войтенко тренировкасын ылғида ерте жасайды. Осы статьяны оқып отырғандар арасында Игорьдан мотивация алып солай таңғы 5 тұрып жаттығуды 1-2 күн жасағандар бар шығар. Игорь ол барлығына үлгеру үшін ерте тұрып қиын жаттығумен күнін бастағанды ұнатады. Күні бойы үлкен мотивацияен жүру үшін. Тағы бір түйетініміз тренировканы өзіңнің сағат нешеде оянатыныңа байланысты болады.
Азамат Сапар тренировкаларын аптасына 4 реттен жасайды,шамамен сағат кешке қарай жаттығуларын жүргізеді. Келесі кезекте кәдімгідей осы тақырыпқа жүргізілген тәжірибелер қортындысымен танысайық. 2016 жылғы зерттеуде таңғы және кешкі жаттығуды салыстыру бойынша тәжірибе жасады. Бұдан шыққан қортынды кешке тренировка жасаған адамдар таңертен жасаған адамдардан 24 апта ішінде 50%-ға көп бұлшық ет жинаған. Олай болған себебі:
1.Кешке жақын адамның денесінің қызуы жоғары болағандықтан жаттығулары үлкен қарқында өтеді.
2.Кешке жақын адам ағзасында гликоген көп болғандықтан үлкен салмақты көтеруге көп энергия болады.
Алайда 2013 жылғы тағы бір зерттеу бойынша кешке адам шаршаңқылықты сезінеді. Бірақта таңертең де дәл солай ғой ұйқың келіп тұрады. Сөйтіп не таңертең не кешке жаттығу жасамайсың. Сол себептен сенде нәтиже аз болады.
Қортындылайтын болсақ,әр адам өзіне жауапкершілікті алып қандай уақытта жасаған қолайлы соны анықтау керек. Анау сағат 04:00-де тұрып жасайды екен деп кетіп қалудың қажеті жоқ. Тағыда сен басқа адамсың,басқа уақытта ұйқыдан тұрасың. Өзіңнің табиғатыңа келетін адамды тауып алып жасасаң өте жақсы болады. Көп өзіңе тәжрибе жасап өзіңе идеальный уақытты тауып ал. Қортынды бөлімде аптасына қанша рет дайындалу керек екеніне жауап тауып көрейік. Сенің деңгейін басатауыш болса саған аптасына 3 рет жетеді. Егер кәдімгідей жоғарғы деңгейге жетсен тренировка 3 тен 5-6 күнге созылады. Аптасына 5-6 жаттығу көбінесе жарысқа қатысатындар жасайды. Толықтай ашалмадым бұл сұраққа жауапты. Бір білетінім аптасына 3 жаттығуды жібермей жасау саған үлкен нәтиже береді.
Автор-SNproduction.