Солтүстік Қазақстан облысында құс тұмауының таралуына байланысты 7 ауданның 10 елді мекені карантинге жабылды. Облыста құс тұмауының таралуына байланысты тиісті ведомство басшылары мен өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті. Зертхана қорытындысына сәйкес, аурудың таралуына жол бермеу мақсатында облыстағы Тимирязев, Тайынша, Жамбыл, Қызылжар, Шал ақын, Ғ.Мүсірепов, М.Жұмабаев ауданының 10 елді мекені карантинге жабылады. СҚО ветеринария басқармасының басшысы Берік Әлжанов: «Карантин талабына сай бұл елді мекендерге кіріп-шығу шектеледі. Кіріп-шыққан көліктерді залалсыздандыру үшін кіреберістерде дезинфекциялық тосқауылдар қойылады. Халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдардың, құқық қорғау, медициналық және ветеринарлық қызметтердің көліктері ветеринарлық қауіпсіздікті сақтай отыра кедергісіз жүреді. Карантиндік аймақтардан тірі құстарды, құс өнімдерін, қауырсыны мен мамығын, жем-азық және құс шаруашылығында қолданылған қондырғыларды шығаруға тыйым салынады», – дейді.
Республикалық бю