«Жаңа ипотекалық бағдарлама қабылданады» деген күннен бастап тұрғын үй саудасы бәсеңдеді. Қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы да түсіп кетті. Себебі «7-20-25»-тің ипотекасы тек жаңа пәтерлерге ғана таралады деді. Алайда күзге таман қайталама нарықтың баспанасына да арнайы шарттар әзірленетін болды. ҚазАқпарат тілшісі жаңа ипотекалық бағдарламаға қатысты соңғы жаңалықтарды сараптап, ипотеканың кімге және қандай шарттармен берілетінін анықтады. Несие алатындарға кіріс салығы бойынша арнайы жеңілдіктер де берілетін көрінеді.