Осыдан бірнеше жыл бұрын мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуды бастағанда соның нәтижесінде өз бензиніміз көбейді дедік. Импорттан арыламыз, тіпті АИ-92-нің бағасы төмендейді деген болжам болған. Бүгінде екі зауытты жаңғырттық. Алдағы уақытта үшіншісі де толығымен іске қосылады. Қазірдің өзінде бензинді артығымен өндіріп жатырмыз. Бірақ баға қатты өзгеріп жатқан жоқ. Неге? Ресейлік импортқа шектеу енгізіле ме? Одан не ұтамыз? Терістіктегі көршіміз өз үлесін бере ме? Ал, ең бастысы, Қазақстан мұнай өнімдерін импорттаушыдан экспорттаушы деңгейіне шыға ала ма? ҚазАқпарат тілшісі осы мәселелердің төңірегінде ой қозғап көрді.