Алматыда қалаға келген қонақтардың, шетелдіктердің бас сұғатын ерекше көрнекті орны бар. Ол - Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптары музейі. Әрине, адамдар домбыраны күнде көріп жүр. Бірақ, мұнда күй атасы Құрманғазының, Динаның, Ақан сері мен Біржан салдың, Махамбет Өтемісұлының, Нұрғиса Тілендиевтің, Ахмет Жұбанов сияқты он саусағынан өнер тамған азаматтардың қолында күмбірлеген аспаптарды көруге мүмкіндік бар.