Қазақстанда криптовалюталарды қолданудың тұжырымдамасы жасалды. Бұл туралы Астанада «Блокчейн реттеу: мүмкіндіктер мен тәуекелдер» атты баспасөз мәслихатында «Астана» Халықаралық қаржы орталығы қаржы технологияларын реттеу бойынша департаментінің директоры Асылбек Дәулетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.