Елорда жамағатының иықтаса Аллаға сыйынар имандылық ордасы - Әзірет сұлтан мешіті. Ашылғанына 6 жылға жуықтаған әлемдегі іргелі ғибадат үйлерінің біріне 12 мың адам сыяды. Шетелдіктерді ұлттық нақышымен тамсандырған мешіт - елордамыздың зәулім орындарының бірі болып тұрғанына дау жоқ. Астананың 20 жылдығы аясында оқырманның назарына Әзірет Сұлтан мешітінің тарихы туралы мәлімет беруді жөн көріп отырмыз.