«100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары қатарына Батыс Қазақстан облысынан Зеленов аудандық орталық ауруханасының медбикесі Елена Шушлебинаның енгені мәлім. Осыған орай ҚазАқпарат тілшісі елімізде танымал тұлғаға айналып үлгерген медицина саласының қарапайым қызметкерімен тілдескен еді.