Бүгін мұсылман үшін қасиетті жұма күнінде Астанада жаңа үлгідегі мешіт ашылды. Елордадағы құлшылық үйі бұған дейінгі мешіттерге еш ұқсамайды. Сәулетшілер авангард стилі негізінде мешіттің қазақстандық ерекше үлгісін жасап шығуға тырысқан екен. Ал мұнараның биігінен қарағанда жаңа мешіт ашылып тұрған гүлге ұқсайды екен. Содан болар xалық арасында оны «Алланың гүлі» деп атап кетті. Сонымен қатар, мешітке Ырыскелді қажының аты беріліп отыр. ҚазАқпарат тілшісіне сұxбат берген жаңа мешіттің бас имамы Жақия қажы Исмаилов нысанның әлемдегі мешіттерден несімен ерекше екенін айтқан еді.