Шығыс Қазақстан облысында қылмыстық істерді тергеу барысында айғақ ретінде алынған заттар бүгінде өңірлік Ішкі істер департаментінің ұлттық музейінде экспонат ретінде сақтаулы тұр. ҚазАқпарат тілшісі музейге бас сұғып, экспонаттармен танысқан болатын. Мекеме меңгерушісі Жанетта Қалимолдина солардың ішіндегі атышулы істерге қатысы бар екі экспонат туралы айтып берді.