Қасым Қайсеновтың көзін көрген адамдарды тыңдасаңыз «Қасым осылай депті» деген сипаттағы біраз әңгімеге қанық боласыз. Осындай естеліктердің бірін ҚазАқпарат тілшісіне батыр оқыған Шығыс Қазақстанның Ұлан ауданы Бестерек ауылындағы мектептің (бұрынғы М.Горкий - бүгінгі Ғ.Салықұлы атындағы орта мектеп) зейнеткер ұстазы Күлмай Сембаева айтып берді.