Халықаралық балаларды қорғау күнінде Ақтөбеде Димаш Құдайбергеннің концерті өтеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.