АСТАНА. ҚазАқпарат - Егер адамның өмірге деген құштарлығын өлшейтін құрал болса, сөз жоқ, музыкант Саида Халықованың күш-жігерін, қажыр-қайратын, күрескерлік мінезін ең жоғары шкаламен бағалауға болатын еді. Саида тоғыз жасында ауыр дертті жеңіп, көру қабілетінен айырылса да, «Музыкант боламын» деген арманынан тайған жоқ.