Әйгілі ғалым Роберт Кохтың туберкулез қоздырғышын тапқанына 130 жылдан асыпты. Адамзат одан толық айығу жолдарын жақсы біледі, дәрі-дәрмек пен микробқа қарсы препараттарды табу да қиындық тудырмайды. Соған қарамастан, жұқпалы дертті толық ауыздықтау мүмкін болмай отыр. 24-наурыз Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күні аясында Медициналық сақтандыру қоры осынау дертке қатысты мәліметтер ұсынып отыр.