Оңтүстік Қазақстан облысындағы 7 жасар баланы зорлау дерегіне қатысты облыстық білім басқармасы мен Сарыағаш аудандық білім бөлімі, Сарыағаш ауданы әкімдігінің басшылығы баспасөз мәслихатын өткізді. Жиында аудандық білім бөлімінің басшысы Бауыржан Майрихов аталған мектепте зорлау оқиғасының болмағанын айтып, ол тиісті сараптама қортындысымен дәлелденгенін алға тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.