Талдықорғанда «О, Ләйлә» деп аталатын фильмнің тұсаукесері өтеді. Жергілікті телеарна ұжымы мен Бикен Римова атындағы қазақ драма театрының әртістері әзірлеген тың туындыны Алматы облысының әкімі Амандық Баталов та тамашалайды деп күтілуде. Фильм Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында халыққа жол тартады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.