АСТАНА. ҚазАқпарат - «А» санатындағы Голливудтың 24 фильмі қазақ тіліне дубляждалып, «Qazaqstan» ұлттық арнасында көрсетілген. Әлемдік киноиндустрияның туындылары алдағы уақытта да қазақ тіліне дубляждалып, көрерменге ұсынылмақ, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.