Бүгін Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан XXІІІ қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан Элизабет Тұрсынбаева сайысқа шығып, келесі кезеңге өткен болатын. ҚазАқпарат тілшісі жарыстан кейін қызына қолдау көрсетуге келген Элизабеттің әкесі Байтақ Тұрсынбаевқа арнайы жолығып, әңгімеге тартқан еді.