Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бизнесмендерді жетім балаларға қамқор болуға шақырды. Бұл туралы ол Астанада өтіп жатқан VIII Азаматтық форумда айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Біз жақында тәуелсіздігіміздің 27 жылдық мерекесін өткізгелі отырмыз. Тарих үшін бұл түк емес. Осынау қас-қағым уақыттың ішінде қыруар қиыншылықтан өтіп, тәуелсіздігімізді, елімізді сақтап қалдық. Соның барлығы халықтың бірлігінің арқасы. Қоғамның әр саласында жүрген азаматтар тәуелсіздікті құрметтеп, оны сақтап қалу үшін біріге жұмыс істегенінің арқасында біз дүниежүзіне белгілі ел болдық. Бізді ешкім танымайтын қазақ едік. Дүниежүзінің кратасында жоқ Қазақстан едік. Қазір біраз дәрежеге жеттік. Бірақ, атқарылар жұмыстар көп. Осы форумға шын жүрегіммен табыс тілеймін», - деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет пен қоғам арасында диалог орнатудың қажеттігін әр Жолдауында айтып келе жатқанын атап өтті. «Біздің басты мақсатымыз - азаматтарымыз саналы болып, мәртебесі жоғары,