31 әріптен тұратын қазақ әліпбиінің жобасы Неге Жаңа әліп 3.0? Себебі бұл ХХ ғасырдың 20-40 жылдарында Қазақстанда қолданылған латын графикалы Жаңаәліп әліпбиінің негізінде жаңғыртылды. Бұл заман ағымына қарай жасалынған үшінші нұсқасы Қандай өзгерістер енгізілді? Бұрын "Қ" дыбысы "Q-мен" таңбаланса, енді сол күйі қалдырылды. Себебі не? Әуелі сырт келбеті өзінің жіңішке сыңары "К-ге" ұқсайды. Кезінде қытай қазақтары 60-80 жылдары дәл осы Қ-ны пайдаланған еді. Сол сияқты дәл осындай прінсіппен "Ƣ" таңбасы Ğ-ға ауыстырылды. Бұрын "Ы" дыбысын "ь-мен" таңбаланған болатын. Алайда бұл латын графикасы болмағандықтан түріктердегi "Iı" таңбасы алынды. "У" дыбысын "V-мен" таңбаланған болса, енді ол кірме сөздер үшін "В" дыбысын таңбалайды. Ал "У" латынның "W" таңбасымен таңбаланады. Басқа жағынан алғанда өзгеріс жоқ. Бұл тиімді ме? Егер компьютерге салсақ бұл нұсқа тиімсіз. Бірақ әліпбиді компьютерге емес, компьютерді әліпбиге бейімдеу керек. Егер бұл нұсқа қолданылса, бұл процесстер ла