Найти в Дзене
Көп сөйлейтін қоғам
Қазір ел ділмәр шешенге айналды. Сөзуар, тіл мен жағына сүйеніп, қаулап есіп отырады. Үнсіз тұра алмайды, от ауызды, орақ тілді, айтқаны жөн, дегені ақиқат, үнемі сөйлесіп, жарысып, қағытып отырғанды жақсы көреді, кейде, тіпті, бір сәт тізе бүгіп, кідіре қалған жерінде, үш приборды қатар сөйлетіп қояды, қабырғадағы ілгешек іліп, мұқият көтеріп тұрған теледидар дүркін-дүркін дыбыс шығарады, қолындағы смартфон адасқан ала қаздай айналасын жаңғыртып қаңқу салады, алдында жатқан лаптоп компьютер жүзінде дүниежүзілік қырғындар тоқтамай жүріп жатады...
7 лет назад
Çaŋa әlip 3.0
31 әріптен тұратын қазақ әліпбиінің жобасы Неге Жаңа әліп 3.0? Себебі бұл ХХ ғасырдың 20-40 жылдарында Қазақстанда қолданылған латын графикалы Жаңаәліп әліпбиінің негізінде жаңғыртылды. Бұл заман ағымына қарай жасалынған үшінші нұсқасы Қандай өзгерістер енгізілді? Бұрын "Қ" дыбысы "Q-мен" таңбаланса, енді сол күйі қалдырылды. Себебі не? Әуелі сырт келбеті өзінің жіңішке сыңары "К-ге" ұқсайды. Кезінде қытай қазақтары 60-80 жылдары дәл осы Қ-ны пайдаланған еді. Сол сияқты дәл осындай прінсіппен "Ƣ" таңбасы Ğ-ға ауыстырылды...
7 лет назад
Елестің дос қызы
5-бөлім|Елес және жолдау Кеше класс жетекшіміз "ертең бәрің әдемі боп, қыздар бантик, ұлдар галстук тағып келіңдер" - деген. Себебі бүгін маңызды күн. Облыстық телеарна бізді түсіруге келеді. Ал ондай жерде әрине біз тәртіпті, ұқыпты, ақылды балалар боп көрінуіміз керек. Апайымыз әсіресе Нұржанға: "айналайын Нұржан! Құдай үшін бір күн болса да тырнағыңды қиып, ұқыпты боп келші" - деп қадап айтты. Телеарна келіп біздің жолдауды тыңдағанымызды, сосын алған әсерімізді сұхбат қып алады екен. Менімен бірге елес те мектепке келді...
7 лет назад