Бүгінгі таңда бүкіл әлем бойынша 300 миллион адам депрессияға, 260 миллион адам күйзеліске шалдыққан. Мамандар психикалық аурулардың көп таралуына технологиялардың әсері зор екенін жарыса айтып жатыр. Осы ретте The Economist басылымы «Notes on a Nervous Planet» (Ашулы планета туралы жазбалар), «Reasons to Stay Alive» (Тірі қалудың себептері) кітаптарының авторы Мэтт Хейгпен көлемді сұхбат жариялаған екен.