Рахман Омаровтың ұлы Досхан Кәкімов қайғылы оқиғаның қалай болғанын ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді. Бүгін Алматы мамандандырылған ауданаралық сотында жантүршігерлік қылмысқа қатысты алдын ала сот тыңдалымы өтті. Сот алдында 30 жастағы Ақтолқын Сүлейменова жауап беріп жатыр. Әйелге ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлімі, 99-бабы 2-бөлімінің 10, 13 тармақшаларымен, 24-бабының 3-бөлімімен айып тағылып отыр. Сот отырысынан соң марқұмның ұлы Досхан Кәкімов қайғылы оқиға жайлы толық айтып берді. «Мен анамды кешкі 18:00 шамасында іздеп бардым. Есікті 7 минуттай, яғни ұзақ қақтым. Ешкім ашпады. Басқа жаққа кеткен болар деген оймен кете бергенімде есіктің көзінен көлеңкені байқадым. Сол сәтте мен есікті тепкілей бастадым. Бүкіл көршілер естіді. Әйел есікті ашты, бірақ анаң кетіп қалды деп мені кіргізгісі келмеді. Мен «өз үйіме неге кіргізгісі келмей жатыр» деген күдікпен күштеп кірдім. Бірінші бөлмеден екінші бөлмеге өткенде бір қыздың ұйықтап жатқанын көрдім. Үшінші бөлмеге кірем дегенде, Сүле
Рахман Омаровтың ұлы анасының мүрдесін қалай тауып алғанын айтты
22 октября 201822 окт 2018
18
2 мин