Отандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына жүргізілген рейтингтің екінші кезеңінің нәтижесі жария етілді. Рейтинг 4 критерийге сүйеніп жасалған. Олар - түлектердің жұмысқа орналасу пайызы және олардың орташа еңбекақысы, бағдарлама өзектілігі бағасы, сонымен қатар түлектерге жүргізілген сауалнама нәтижесі мен жұмысқа тұру туралы деректер.