Мәжіліс депутаттары «Аграрлық қолхаттар туралы» ҚР заңының әзірлеп, Үкіметке қорытынды алуға жіберді. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысының Парламенттің 4-сессиясында қойған міндеттерін талқылауға арналған Парламенттегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының жиналысында депутат Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.