Екі жылдан кейін Қазақстан тұрғындары арасында қартаю үрдісі басталған елдердің қатарына енуі мүмкін. Бұл туралы бүгін «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» басшылығымен өткен кездесуде Сенат депутаты Бірғаным Әйтімова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.