АҚТАУ. ҚазАқпарат - 16 жасар Назира Қыдырбаева мүгедек жандарға арналған қол протезін ойлап тауып, ғылыми тұрғыдан тұжырым жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Назарбаев зияткерлік мектебі баспасөз қызметінің мәліметінше, Назира Қыдырбаева Ақтаудағы аталмыш оқу ордасының 11-сыныбында оқиды. Алғыр оқушы жасанды қол техникасы туралы жобасын былтыр зерттеп бастаған. Оның айтуынша, өзін шетелге шығуға мүмкіндігі жоқ, мүгедек жандардың тағдыры көп толғантады. Сондықтан ойлана келе, қарапайым және кез-келген жанға қолжетімді қол протезін жасап шығаруды мақсат еткен. «Мен жасап шығарған протез оңай қызмет етеді. Адамның сау қолының бұлшықеттері жиырылғанда, датчиктен микро бақылаушыға сигнал барады. Микроконтроллер келген белгіні өңдеп, моторға бағыттайды. Келген сигналға сәйкесінше, сервомотор саусақтарды жұдырыққа жұмады немесе ашады»,-дейді Назира Қыдырбаева. Ақауы бар қол жасанды материалдан жасалған механикалық қолмен біріктіріледі. Ол белгілі бір сигнал берілген соң, мықт