Боксшы Геннадий Головкиннің балалық шағы сүреңсіз өткен. Қарағанды қаласындағы Майқұдық ауданы дәл сол тоқсаныншы жылдардың ортасында нашақорлар мен маскүнемдерден аяқ алып жүргісіз болған. Сол себепті болар, небір қылмыстың көбі Майқұдықта тіркелетін. Басқа тұрмақ, Қарағанды қаласының тұрғындарының өзі іңірде Майқұдыққа аттап баспайды екен. Сол ортада өскен бала Гена талай төбелесіп, өзге ауданның балаларымен алысқан. Қатарластарына еріп, насыбай атуды үйреніпті. Дидарынан мейірім төгіліп тұрған балақайдың талай сотқар жағасынан алғанда Гена есесін жіберумеу үшін таяқ жесе де, соңына дейін төбелеседі екен. Сөйтіп жүргенде Генаның қос ағасы сары баланы сүйреп, бокс секциясына апарыпты. Өзгеден таяқ жемесін деген ағалық қамқорлықтары болса керек. Футболға деген сүйіспеншілігі жолда қалды. 10 жасында қолғап киген Генаның алғашқы балалық бокс кездесулері жеңілуден басталды. Қосымша ақпарат алу үшін: https://kazakh-tv.kz/kz/view/blog/page_198104_golovkinnin-balalyk-shahy