Найти в Дзене
Этнология

Этнология

Халықтар, ұлттар тарихы
подборка · 14 материалов
Неліктен қазіргі замандағы көшпелілердің этнографиялық өмірін бақылау бұрыңғы көшпелілердің өмірін тануға көмектеседі?
Қазіргі көшпелі ғұрыппен өмір сүретін халықтардың саны азайып, көлігі өзгергенімен баспанасы мен өсіретін малы, жан-жануары өзгермегені белгілі. Сібірді жәйләп, бұғы өсіретін тайпалар/ халықтар әлікүнге өздерінің дәстүрлі баспанасында тұрады. Нартыларымен бұғы бағып, үлкен қашықтыққа қатынайды. Осы секілді Африканы мекендейтін көшпелі бербер тайпаларымен араб бедуиндерінің тіршілігінде тұтынатын заттары мен көлігі жаңарғанымен сол баяғыша жиналымалы ас-саду немесе аш-шаар палаткаларында тұрады. Осыдан 100 жыл бұрын, тіпті 200 жыл бұрында көшпелі араб бедуиндері аш-шаар палаткаларында тұрған...
Этникалық жанжалдар. Ольстер мәселесі
Ретке келгендей шешілген этникалық жанжалдардың бірі Ұлыбритания қарамағындағы Солтүстік Ирландия немесе Ольстер мәселесі. Бұл аймақта негізінен ирландықтар тұрғанымен христиан дінінің екі бағытын ұстанады (католик және протестант). Ирландықтар қоса тұрғылықты халық есебінде ағылшындар мен шотландықтарда қоныстанған. Жанжалдың түптөркіні тұтас Ирландия аралының ағылшындардың отарына айнала бастаған кезден басталады. Ағылшын отаршылдығына қарсы ұзақ қарсыласқан халықтардың бірі осы ирландықтар. Ирландықтар...
Ұлттардың пайда болуы жәйлі Л. Гумилев теориясының артықшылығы мен кемшілігі
Пассионарлық деп аталған Л. Гумилев негіздеген теория ХХ ғасырдың аяғында КСРО-да пайда болған. Лев Гумилев өзінің теориясын негіздеуде В. вернадскийдің көзқарасын өз теориясына кіріктірген. Лев Гумилев теориясының басқа теориялардан қарағанда басты ерекшелігі жеке тұлғаға басты назар аударады. Ұлтты қалыптастырушы жеке тұлға деп қарастырады. Осы көзқарасымен конструктивистер көзқарасымен жақындайды. Бірақ конструктивистік теориядағы ұлтты жасаушы зиялы тұлғалар дегеннен қарағанда Лев Гумилев теориясы бір ғана тұлғаға басты назар аударады...
Ұлттардың пайда болуы жәйлі Бромлей теориясының артықшылығы мен кемшілігі
Жер бетіндегі ұлттардың қалыптасуы бірнеше теориялар бар. Олар бір-бірін жоққа шығарады не толықтырып тұрады. Сондай теориялардың бірі КСРО кезеңінде Миклуха Маклай атындағы этнология және антропологиясы ұсынған дуалистік теория. Ұлттардың қалыптасуы туралы теориялардың біразы халық пен ұлт ұғымын бөлек қарастырып, этникалық бірізділігі бойынша бірігіп бір жерде отырған халықтар мәдени жағынан жоғарылауы ұлт дейді. Әрине, ұлт деңгейіне жету үшін халық мемлекет құрып, ұлттың дамуына саяси-экономикалық жағынан мәдениетін көтеруі керек дейді...
Неліктен Қарахан мемлекеті ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады? Экономикалық фактор
960 жылы ислам дінін Қарахан мемлекетінің мемлекеттік діні деп жарилаған Мұса хан әлбетте, экономикалық факторды ескерген болуы керек. Әрине, оның жанында қазіргідей экономистер болмағаны рас. Мемлекетке сауда экономикалық еніп жататын кірістер мен шығыстар есебін есептеп шығарып отыратын адамдар мемлекет пайда болған заманнан бері бар. 960 жылы ислам дінін мемлекеттік дін жариялай отырып, номиналды түрде Самани мемлекетіне тәуелді болған жизия салығынан босатқысы келген болар. Діни сенім әрқашанда қаржылай қорлануға (қор жинауға) әсер етеді...
Неліктен Қарахан мемлекеті ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады? Ішкі діни фактор
960 жылы Қарахан мемлекетінің билеушісі Мұса хан ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялауында - ішкі діни факторды аса назар аударса керек. Өзіне саяси түрде тірек саналған халықтың діни сенімін саяси тұрғыда пайдаланған болуы керек 942 жылы құрылған Қарахан мемлекеті саяси мұрагерлік тұрғысынан Қарлұқ қағанатының жалғасы саналғаны тарихтан белгілі. Қарлұқтар Қарахан мемлекетінің негізін құраушы тайпа саналды. 960 жылы Ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялай отырып Мұса хан осы қарлұқтардың мемлекеттегі саяси, экономикалық және діни жақтағы рөлін ескерген болар...