Найти в Дзене
Тарих

Тарих

Тарихи оқиғаларды сараптамалық тұрғыда баяндау
подборка · 306 материалов
Неліктен ежелгі адамдар Ласко үңгірінің қабырғаларына сурет салған?
Франция мемлекетінің Дордон әкімшілік аймағында орналасқан Ласко үңгірі 1948 жылдан бері туристік орталықтардың бірі. Жалпы, үңгір 1940 жылы бозбалалардың кездесоқ кезбе әрекетіне байланысты табылған. Олар өз кезегінде тапқан дүниелерін ұстазына айтқан. Ұстазы, осы маңда тығылып жүрген антифашист ғалым Ари Брейльге мәлімдеген. Анри Брейль Ласко үңгірін аралап, зерттеп шыққан. Жалпы үңгірде қабырға суреттерінен басқа алғашқы қауымдық құрылыста өмір сүрген адамдардың тұтынған құралдары табылған. Үңгірде басым түрде жан-жануарлардың суреттері салынған...
Өкінішке орай, Мюнхенде қазақтың біртуар азаматы Антикеңестік "Азаттық" радиосын құрушылардың бірі Қарыс Қанатбайдың зираты түсірілді
Біз жалпы, өткенін түгендеп, тарихи тұлғаларын ұлықтап жүретін халықтардың қатарынанбыз. Сол өткенді түгендеп, ел аралап қазақилығымызды іздейміз. Өткен тарихымызға қатысты жерге барғымыз келеді. Сондықтанда болса керек, бір кездері Қазақстанның алғашқы астанасы болған Ресейлік Орынбор қаласына барғымыз келеді. Мысырға барсақ - ежелгі заманғы пирамидаларымен туристік кешендерінен басқа Бейбарыс сұлтан мешітіне бассұғып кеткенді жөн көреміз. Дамаск қаласына жол түсіп жатса Әбу Насыр әл-Фарабидің мазарына құран оқытып шығып, ұлттық борышымыз деп санаймыз...
Білге қаған мен Күлтегіннің мемлекетті нығайтудағы саясаты бізге қандай деректерден белгілі?
Қазақ тарихының түркі кезеңі туралы нақты дерек беретіні - Қытайдың Тан империясы жазбалары мен Моңғолияның Орхон және Енисей өзендері бойында VIII ғасырда орнатылған құлпытастар. Тан империясы және оның алдында Сун, Вэй империясы аталған мемлекеттердің хроникалық жазбаларында Орталық Азиядағы Түркі мемлекеттері туралы нақты мәліметтер бар. Ол қолжазбаларда тек мемлекеттің атауы, құрылуы және шаруашылығынан басқа билеушілерінің есімдері, елшіліктер, соғыстар нақты жазылған. Ал қазіргі Моңғолия мемлекетінің...
Неліктен Византия 568 жылы түрік қағаны Истемиге елші жіберді?
Византия империясының тарихында ұлы аталған І Юстиниан мемлекетінің аумағын кеңейтіп, Жерорта теңізін Византиялық теңізге айналдырып, қарсыластарының барлығын жеңгені тарихтан белгілі. Бірақ үздіксіз соғыстар, өз атын қалдыру мақсатында салдырған ірі құрылыс кешендері көп қаржыны қажет етті. Алайда Византия империясының ұлылығы І Юстинианның ізбасарлары кезінде аса көріне қоймады. Юстиниан жаулап алып, Византия құрамына бағындырған елдердің барлығы дерлік, оның мұрагерлері тұсында қайта бөлініп кетті...
Аңырақай топонимінің мағынасы жәйлі жорамалдар және олардың шығу тарихы
Шамамен 1730 жылы, кейбір деректерде Балқаш көлінің оңтүстік-батысында қазақтар мен жоңғарлар арасында ірі шайқас болып, соңғысының жеңілісімен аяқталғаны тарихтан белгілі. Аңырақай шайқас туралы қазақ батырлары туралы ауызша тараған жыр дастандар мен Ш. Құдайбердіұлының және М. Тынышпаевтың еңбектерінде айтылады. Шайқастың болғандығы туралы ХVIII ғасыр мен ХІХ ғасырдағы орысзерттеушілері өз еңбектерінде осы шайқас туралы айтып өтеді. Жалпы, Аңырақай атауымен Жетісу өңірінде екі атаулы жер бар. Аңырақай шайқасы атауының шығу тарихы туралы бірнеше жорамал бар...
Неліктен Аңырақай шайқасы қазақ - жоңғар соғысындағы түбегейлі бетбұрыс деп саналады?
Бір деректер 1729 жылы келесі бір деректе 1730 жылы болды деп жүрген Аңырақай шайқасы Жоңғар басқыншыларына қарсы бағытталған 100 жылдық Отан соғысының шешуші шайқастарының бірі. Әлбетте, Аңырақай шайқасының уақытына және болған жеріне байланысты нақты тоқтам болмағаны болмаса, осы шайқастың тарихта болғаны белгілі. Аңырақай шайқасы жәйлі Қазақ ауыз әдебиетімен, ауызша тараған тарихында және көрші елдердің тарихи деректерінде айтылған. Бұл шайқас жәйлі екі түрлі уақыттың көрсетілуіне сол кезеңдегі қазақтардың мұсылмандық жыл санауымен қоса шығыс жыл санауын бірге қолданғаны басты себеп...