Найти в Дзене
Жетісу тарихы

Жетісу тарихы

Жетісу өңірінің тарихын баяндау
подборка · 27 материалов
Тамшыбұлақ және ода туған Тамшыбұлақ туралы
Жетісу өлкесінің тарихы әрбір жері - тарихқа толы. Әрбір жерінің бұлағының, тасының өзіндік тарихы бар. Сондай ауылдардың бірі - Ақсу ауданына қарасты Қапал ауылы. Қапал ауылының атауы XVI-XVII ғғ. өмір сүрген Қазақ хандығының әйгілі қолбасшысына байланысты қойылған. Қапал ауылы - Жетісу облысы Талдықорған қаласынан 80 шақырым жерде. Көлігіңіз болса - екі сағаттық жер. Талдықорғаннан - Қапал ауылына күнделікті такси қатынайды. - Талдықорған - Өскемен трассасында Қапал батырға арналған ескерткіш бар...
Қарлұқтар батысқа қарай қоныс аударған басқа түркі тайпаларынан несімен ерекшеленді?
744 жылы Шығыс Түркістан аймағындағы Екінші шығыс түркі қағанатының басмыл-ұйғыр-қарлұқ біріккен күшімен талқандалғаны белгілі. Екінші шығыс түркі қағанатының құлауымен түркі тайпалар тарихында Ашина әулетінің кезеңі аяқталып - билік біртіндеп ұйғырлар мен қимақтарға беріле бастады. Шығыс түркі қағанатының орнына келген басмылдарды билікті ысырған ұйғырлар батысқа қарай тайпалардың көшін туғызып, тайпалардың жылжуына әсер етті. Жетісуға қарай ығысқан ұйғырлардың қысымымен ығысқан қарлұқтар жергілікті оғыздарды - Сырдария өзені мен Арал теңізінің маңына ығыстырды...
Менің кіші Отанымның символы. Талдықорған қаласының символы
Талдықорған символын іздеген кезде - әлбетте, қаланың бір ұғыммен айта алатын ғимарат не өсімдік, жануар немесе тұлға керек болатындығы анық. Әрине, Талдықорғанда ғана кездесетін жануар табу мүмкін емес шығар. Ғимараттар мен құрылыстарды іздесеңіз жетерлік. Өзіндік дизайнымен, құрылысымен ерекшеленетін неше түрлі бұрқақтар бар. Ғимараттар қанша ма десеңізші. Олардың қатарына Орталық бассейні, студенттер үйі және әкімшілік және мәдени ғимараттарды да жатқызсаңызда болады. Бірнеше Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерін табуғада болады...
Сайын Мұратбековтың өзіндік стилі және оның жеткен биігі
Қалам алып жазушылыққа ден қойып шығарма жазған жазушылардың арасында өз шығармасын  қалың оқырманған кинотуында арқылы таныстыра білген жазушы кемде-кем шығар. Солардың бірі және бірегейі Жетісу облысы бұрыңғы Қапал ауданына қарасты Қоңыр ауылынан шыққан Сайын Мұратбеков десек қателеспегенім болар. Ол кісінің жазушылығы Кеңестік кезеңде танымал бола бастап, шығармалары бірнеше кинотуындыға арқау болған. Сайын Мұратбеков қалың оқырманға танытқан “Жусан иісі” шығармасын оқымаған адам кемде-кем шығар...
Аңырақай топонимінің мағынасы жәйлі жорамалдар және олардың шығу тарихы
Шамамен 1730 жылы, кейбір деректерде Балқаш көлінің оңтүстік-батысында қазақтар мен жоңғарлар арасында ірі шайқас болып, соңғысының жеңілісімен аяқталғаны тарихтан белгілі. Аңырақай шайқас туралы қазақ батырлары туралы ауызша тараған жыр дастандар мен Ш. Құдайбердіұлының және М. Тынышпаевтың еңбектерінде айтылады. Шайқастың болғандығы туралы ХVIII ғасыр мен ХІХ ғасырдағы орысзерттеушілері өз еңбектерінде осы шайқас туралы айтып өтеді. Жалпы, Аңырақай атауымен Жетісу өңірінде екі атаулы жер бар. Аңырақай шайқасы атауының шығу тарихы туралы бірнеше жорамал бар...
Неліктен Аңырақай шайқасы қазақ - жоңғар соғысындағы түбегейлі бетбұрыс деп саналады?
Бір деректер 1729 жылы келесі бір деректе 1730 жылы болды деп жүрген Аңырақай шайқасы Жоңғар басқыншыларына қарсы бағытталған 100 жылдық Отан соғысының шешуші шайқастарының бірі. Әлбетте, Аңырақай шайқасының уақытына және болған жеріне байланысты нақты тоқтам болмағаны болмаса, осы шайқастың тарихта болғаны белгілі. Аңырақай шайқасы жәйлі Қазақ ауыз әдебиетімен, ауызша тараған тарихында және көрші елдердің тарихи деректерінде айтылған. Бұл шайқас жәйлі екі түрлі уақыттың көрсетілуіне сол кезеңдегі қазақтардың мұсылмандық жыл санауымен қоса шығыс жыл санауын бірге қолданғаны басты себеп...