Сеня рядом и Белла пришел. Былое
СҚО-ның тарихи және мәдени ескерткіштері туралы мәліметтер электронды нұсқаға көшіріледі
Өңір тарихы жаңа әдіспен зерттелмек. Алдағы уақытта облысымыздың тарихи және мәдени ескерткіштері туралы мәліметтер толығымен электронды нұсқаға көшіріледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Былтыр өңірде Ә.Марғұлан археология институның филиалы ашылған еді. Мақсат – облыс тарихын кәсіби археологтарды жұмылдыра отырып, жаңа әдіспен зерттеу. Яғни, мамандар биыл зерттелмей қалған орта ғасырлық кезеңге, алтын орда, түркі және ғұн дәуіріне тиесілі есткерткіштерді өңір аумағынан іздеп, экспедиция жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу облысына жұмыс сапары Қаратал ауданында жалғасты. Мемлекет басшысы аудан орталығы – Үштөбе қаласындағы Қаратал тарихи-өлкетану музейіне барды. Музей биыл пайдалануға берілген. Жалпы ауданы 2520 шаршы метр болатын қос қабатты ғимаратта өлке тарихына қатысты 350-ге жуық экспонат қойылған. Мемлекет басшысына музейдегі археологиялық артефактілер, этнографиялық жәдігерлер көрсетіліп, Қаратал ауданының тарихы және жазушы Кемел Тоқаев, Қазақ ССР халық әртісі Бикен Римова, осы өңірден шыққан ақын-жыраулар, би-шешендер мен елге еңбегі сіңген басқа да тұлғалар туралы тың деректер таныстырылды. Президент музейде жергілікті зиялы қауым өкілдерімен жүздесу барысында мұражайды аралап шыққанын және ондағы жәдігерлерді көбейту керектігін атап өтті. Сондай-ақ қоғам дамуы үшін мұндай мәдени нысандардың қажет екеніне назар аударды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. ortcom.kz/...064