Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғам шығармашыл әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екенін күнделікті өмірдің өзі дәлелдеуде, осыған орай бүгінгі күні білім беру мекемелері мен ұстаздарға үлкен талап қойылуда. Ағылшын тілін оқытудың басты мақсаты – шынайы өмірде оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін қалыптастыру болып табылады. Ағылшын тілін оқытудың тарихы жүз жылдап есептелінеді. Орта мектепте ағылшын тілін оқытудың тарихы 1947 жылдан басталады...
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасындағы оқу мен тәрбие жүйесін техникаландыру мен автоматтандыру тенденциясының болашақ қарқыны мен қадамдары оқушыға білім мазмұнын, білімдік ақпаратты берудің жаңа жолдарын іздеумен және компьютерлік жүйені оқу-тәрбие үрдісіне енгізумен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының білім беру саласының тұжырымдамалық (концептуалды) үрдістерін жаңашаландыру негізін білімді ізгілендіру, ақпараттандыру, үздіксіз білім беру, технологияландыру, бұқаралық білім беру сияқты маңызды мәселелер құрап отыр [1]...