БАСТА ДЕЛАЕТ ПЕЛЬМЕНИ! Главные НОВИНКИ наших магазинов
Портал жұмысының басты қағидаты – жүйенің ашықтығы. Келіп түскен өтініштерді талдау gosagro. kz сайтын пайдалану кезінде фермерлер тап болған үш негізгі мәселені анықтауға мүмкіндік берді. ҚР АШМ Мемлекеттік қызметтерді дамыту және цифрландыру департаментінің директоры Бернат Алпысбеков ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, мәселелердің бірі электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесімен интеграцияның болмауына байланысты туындаған. Енді фермер мемлекеттік қаражат алмақ болса, ол сайтта өзінің контрагентімен шот-фактураны бұғаттауы керек, яғни электрондық шот-фактураны бұғаттауға екіжақты келісім болуы керек. Мұндай өтінімді қайтарып алуға болмайды. Ол ауыл шаруашылығы басқармасы қандай да бір себептермен субсидия беруден бас тартқан жағдайда ғана алынып тасталады. «Бұл жаңашылдықтың нәтижесінде инвестициялық субсидиялармен не істеу керектігі бірден түсінікті болмады. Біз бұл жұмысты жүргізіп, тиісті видео-нұсқаулықты орналастырдық», – деді спикер. Басқа мәселелер жер учаскелерін цифрландыруға қатысты – «жерлер картасы». Б. Алпысбековтың айтуынша, фермерлер кадастр аясында белгілерді өз бетінше салған, бірақ далада ешқандай жұмыстар жүргізбеген фактілер анықталды. «Тиісінше, ол пестицидтер, гербицидтер, тыңайтқыштар, тұқымдар бойынша артық нормативтер алды», – деді спикер. Ал енді фермердің белгілі бір дақылды қанша еккенін көруге болатын кейінгі бақылау жүргізу ұсынылып отыр. «Егер биыл фермердің агротехнологияны бұзғаны анықталса, келесі жылы ол субсидия алу құқығынан айырылады», – деп түсіндірді Б. Алпысбеков. Бұдан бөлек, облыстардың кейбір әкімдіктерінде қарыздар жиналып қалған. «Резервтегі бұл өтінімдер, өткен жылғы қарыздар төленбейінше, әкімдіктер gosagro.kz порталына келіп түскен жаңа өтінімдерге көше алмайды. Әкімдіктермен тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді», – деді АШМ өкілі. ortcom.kz/...954
Единый портал со всеми медицинскими данными пациентов запустят в Казахстане в 2025 году
Единый портал медицинских данных пациента планируют запустить в Казахстане, сообщил вице-министр здравоохранения Ербол Оспанов. По его данным, в стране насчитывается около 17 государственных информационных систем, семь из которых генерируют медицинские данные. Из них 85% медорганизаций охватывает система Damumed. Однако в реестры не попадает информация об услугах и медпомощи, которые граждане получают платно в частных клиниках. Минздрав планирует создать единый портал, в котором будет собрано досье...