🔶Қасым-Жомарт Тоқаев Қосшы қаласының даму жоспарымен танысты Жалпы қаланың бас жоспары аясында 1,5 миллион шаршы метр тұрғын үй мен 45 әлеуметтік нысанның құрылысы жоспарланған. Соңғы екі жылда қалада үш мектеп пайдалануға берілді. Тағы бір мектеп құрылысы аяқталуға жақын. Алдағы уақытта «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында үш білім ошағын, сондай-ақ екі балабақша салу көзделген. Ал Қосшы тұрғындарының игілігіне келесі жылы берілетін Қоғамдық мәдени-спорт орталығында интерактивті білім беру бөлімі, спорт залы, теннис, баскетбол, футбол, волейбол алаңдары, кинотеатр, көрме залы, кітапхана, дәрісхана, амфтитеатр ашылады. Мемлекет басшысы Қосшы қаласында құрылыс жұмыстары қарқын ала бастағанын ескере отырып, облыс әкіміне елді мекендегі инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және газ құбырын тарту мәселелеріне айрықша мән беруді тапсырды.