Бұл жолғы әңгімем қылмыс әлемінде «Генай» деген лақап атпен танылған Еркін Сағитов пен оның бандасы туралы болмақ. Бір кездері бұл жігіт Қарағанды облысының бапкерлері болашағынан зор үміт күткен спортшы болды. Тіпті Геннадий Головкин мен Серік Сәпиев сынды даңқты жерлестерінің ізімен атағы жер жарған боксшы болар ма еді. Бірақ жаман жолға түскен жігіт қарақшылықты таңдап, кәдімгі қылмыскерге айналды. Дегенмен қарағандылық қылмыскерлер мен аула бұзақыларының арасында оның есімі әлі күнге танымал...