Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) Қазақстанда жекпе-жек өткізу туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты. Америкалық журналистер Головкиннен карьерасын аяқтау туралы сұраған, қалай дегенмен 40 жасқа келді. Бұған жауап ретінде боксшы алдымен өз елінде бір жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты. Головкин Қазақстанда тек 2010 жылы бір рет қана жұдырықтасқан екен. Астанада өткен бокс кешінде ол колумбиялық Нильсон Тапияны үшінші раундта нокаутқа түсірген еді...