Қазақстанда Ұлттық допингке қарсы орталық ашылған. Мекеме спортшыларды жүйелі түрде тексерістен өткізеді. 2019 жылы еліміз допингке қрасы шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдап, заңға тиісті өзгерістер енгізген. Бұл жайында бүгін ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында мәлімдеді. Оның хабарлауынша, егер де допинг дауында ұсталып, спортшының кінәсі шынымен анықталатын болса, онда спортшы дисквалификацияға ұшырайды. «Оның алдында алынған жүлделері кері қайтарылатын болса, атақтары, материалдық қамсыздандыру тоқтатылады. Ақшалай сыйақы да қайтарылады. Егер спортшыға пәтер берілген жағдайда, ол оны өз атына 10 жылдан кейін ғана заңдастыра алады. Себебі, допингке тексеру кезінде 2 проба алынады. Біріншісі ол- А пробасы. Бұл проба сол мезетте ашылады. Екіншісі 10 жылдан кейін ғана ашылады. Сондықтан осы уақытқа дейін үй мемлекет атында болады», – деді спикер. Айгүл Бектенова әр спортшы өз дайындығына жауапты екенін еске салды. Жоғары нәтиже көрсетуге дайындалып жатқан спортшы осыны ұмытпау қажет. Допинг оқиғаларын болдырмау үшін жауапты мекеме допинг сынамаларын алып қана қоймай, әр өңірмен, мұндағы жаттықтырушылармен тығыз жұмыс істейді. Жиі семинарлар мен оқу өткізеді. «Спортшы білмеуі мүмкін. Ауырғанда қандай да бір преперат ішсе, сол препарат ішінде тыйым салынған заттар болуы мүмкін. Сондай олқылық болмас үшін оқу өткіземіз. Ауыр атлеттерде спорттық тағамдар бар. Интернеттен ашып қарасақ, ол – қолжетімді. Спорттық тамақтану мен қалпына келтіру дәрі-дәрмектерін Ұлттық медицина орталығы немесе федерациялар арқылы сатып алуды ұсынамыз. Өз бетімен сатып алғандар жиі зардапқа ұшырайды», – деді А.Бектенова. ortcom.kz/...233
1 год назад
Допинг в Спорте: Прошлое и Настоящее. Почему спортсмены используют допинг и как это предотвратить
Допинг в Спорте: Прошлое и Настоящее. Почему спортсмены используют допинг и как это предотвратить Сфера спорта долгие годы сталкивается с проблемой допинга – применения запрещенных веществ в стремлении достичь лучших результатов. В этой статье мы рассмотрим, как началась эта проблема, почему спортсмены используют допинг, и какие меры принимаются для ее преодоления. История Допинга: Начало Проблемы: Еще в древние времена на Олимпийских играх спортсмены употребляли запрещенные вещества в надежде улучшить свои результаты...