8 лет назад
Жәнібек Әлімханұлы Геннадий Головкиннің салмағында жұдырықтасады
Бокстан 2013 жылы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой боксқа біржола бет бұрды. Танымал менеджер Эгис Климаспен келісімшартқа қол қойып, мансабын Геннадий Головкин жұдырықтасатын орта салмақта жалғастырады. Бүгін боксшы Алматыда ашық жаттығу өткізді. Ертең АҚШ-қа аттанады. Онда промоутерлермен келіссөздер жүргізіп, алдағы мансап жолын талқылайтын болады. Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста екі жекпе-жек өткізіп үлгерді. 2016 жылдың қазан айында Алматыда өткен бокс кешінде колумбиялық Милтон Нуньесті бірінші раундта-ақ нокаутпен ұтты...
🥊Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтың кәсіби боксшысы Жәнібек Әлімханұлын WBO және IBF тұжырымдарынан әлем чемпионы атағы үшін германиялық Винченцо Гуальтиеримен өткен жекпе-жектегі жарқын жеңісімен құттықтады. «Жәнібек қазақ бокс мектебінің жоғары деңгейі мен мықтылығын әлемге тағы да паш етті. Бұл жеңіс бокспен айналысатын жастарды биік белестерді бағындыруға ынталандырады. Сізге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. Жеңістен жеңіске жете беріңіз!» - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында. Әлімханұлы-Гуальтери кездесуі АҚШ-та Розенбергтегі (Техас штаты) Fort Bend Community Center аренасында өтті. Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы германиялық Винченцо Гуалтьериді жекпе-жектің алтыншы раундында нокаутпен жеңді. 🥊Президент Касым-Жомарт Токаев поздравил казахского профессионального боксера Жанибека Алимханулы с блистательной победой в поединке с немецким соперником Винченцо Гуальтьери за звание чемпиона мира по версии WBO и IBF. «Жанибек в очередной раз продемонстрировал всему миру красоту и мощь казахского стиля бокса. Ваша победа мотивируют молодых казахстанцев к достижению результатов. Желаю счастья, здоровья и новых спортивных вершин!» - написал Глава государства на своей странице в Twitter. Поединок Алимханулы-Гуальтери состоялся в США на арене Fort Bend Community Center в США в Розенберге, штат Техас. Казахстанский боксер-средневес Жанибек Алимханулы нокаутировал Винченцо Гуальтьери в шестом раунде, тем самым одержав досрочную победу.