1 год назад
Молодежная сборная Казахстана по хоккею вышла в элитный дивизион чемпионата мира
Мужская сборная Казахстана по хоккею досрочно обеспечила себе место в элитном дивизионе молодежного чемпионата мира на следующий розыгрыш, передает NUR.KZ. В четверг в Будапеште проходит четвертый тур дивизиона IA. Сборная Казахстана в своем матче обыграла японцев со счетом 3:1 и набрала максимальные 12 очков, возглавляя таблицу. В другой встрече команда Франции одержала победу над австрийцами — 7:4. Это позволило трехцветным набрать девять баллов, теперь только они могут догнать казахстанцев по очкам после заключительного тура...
Қысқы Универсиададағы алғашқы ойынды Қазақстанның хоккейден ерлер құрамасы ойнады. Оңтүстік Корея құрамасына қарсы бастапқы матчта біздің хоккейшілер 5:1 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі. АҚШ-қа жұмыс сапары аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ХХХІ Дүниежүзілік қысқы Универсиадасының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.  Әлемнің 50 елінен студенттер қатысып жатқан спорттық жарыс АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтуде. Жарыс алдында министр Саясат Нұрбек жас спортшыларға сәттілік тіледі. «Спорттағы сәттілік тек еңбекпен және күш-жігермен бірге келеді. Сондықтан сіздерге шыдамдылық, ішкі шабыт және жеңіске деген мызғымас сенімділік тілеймін. Біздің құрама еліміздің намысын лайықты түрде қорғай алатынына сенімдімін», – деп атап өтті министр. Бүгін қысқы Универсиададағы алғашқы ойынды Қазақстанның хоккейден ерлер құрамасы ойнады. Оңтүстік Корея құрамасына қарсы бастапқы матчта біздің хоккейшілер 5:1 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан құрамасының құрамында Алдияр Нұрлан, Максим Мусоров, Кирилл Полохов және Максим Мұхаметов шайба салды. Хоккей құрамасы Қазақ спорт және туризм академиясының студенттерінен тұрады. Қазақстандықтар В тобында өнер көрсетеді, онда Ұлыбритания, Мажарстан, Словакия және АҚШ командаларына қарсы ойнайды. Қазақстанның намысын спорттың он түрінен 78 спортшы қорғайды. Студенттер биатлон, сноуборд, шаңғы, тау шаңғысы, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, шаңғы қоссайысы, коньки, шаңғымен трамплиннен секіру және шайбалы хоккей секілді спорт түрлерінен бақ сынайды. ortcom.kz/...472