Снежный барс, интересные факты о ирбисе, ирбис, животные Азии.
Мемлекет басшысы бірқатар облыс әкімдерін қабылдады
Қасым Жомарт Тоқаевқа Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңірдің биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы баяндады. Сондай-ақ инвестициялық жобалардың және Жұмыспен қамту жол картасының жүзеге асырылу барысы туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар Президенттің қабылдауында болған Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Екібастұз ЖЭС-інің жылу желілеріндегі апаттың салдарын жоюға бағытталған шаралар жөнінде есеп берді. Оның айтуынша, Екібастұз қаласының жылу жүйесін қалпына келтіру жұмыстары 15 желтоқсанға дейін аяқталады...
Тазы мен төбетті сақтау және қалпына келтіру мәселелері бойынша бөлек заң әзірленеді
ҚР Президентінің Іс Басқарушысы Айбек Дәдебаев қазақы ит тұқымдары тазы мен төбетті сақтау және қалпына келтіру мәселелері бойынша кезекті жиын өткізді, деп хабарлайды ҚР ПІБ Баспасөз қызметі. Кездесуде министрліктердің басшылық өкілдері бір ай ішінде атқарылған жұмыс барысы туралы баяндады, сондай-ақ жоспарланған іс-шараларға тоқталды. Сарапшылармен (кинологтар, ғалымдар) талқылау нәтижесінде тазы мен төбетті сақтау және қалпына келтіру мәселелеріне қатысты жеке заң жобасын әзірлеу жөнінде шешім қабылданғаны айтылды...