sfd
94-ші Қара пайым-сөз: Махаббат деген «асыл сөз» тұрпайы техникалық терминге айналып кетті
Маған достық жіберген жап-жас өрімдей қазақ қыздарына таң қалған едім. Сөйтсем, бір бүлдіршін қыз: «Көке, біздерге де бір ақыл-кеңесіңізді айтып отырсаңызшы, мысалы, махаббат тақырыбына» деп хат жіберіпті. Сол-ақ екен есіме Бахтажар Мекішев деген бір оқытушымыз түсе кетті. Ол кісі КазГУ-да да, ЖенПи-де қатар сабақ беріп жүретін. Сол кісі ЖенПИ-дің қыздарын шұбыртып артынан ертіп алып, біздің журфактың аудиториясына не жатақханасына келетін. Сондағы ниеті қазақтың ұл-қыздарын бір-бірімен таныстыру еді. Ұялмаңдар, танысыңдар, Алла нәсіп қылып тіл табысып кетсеңдер, артынан үйленесіңдер – дегенде ЖенПИ-дің қыздары да, біздер де беттеріміз қызарып төмен қараушы едік...