Құрманғазы Сағырбайұлы - Маната күйінің шығу тарихы. Бөкей хандығындағы Шыман деген төренің ұлы Жанша бір тойда кедей күйшінің өзінен басым түскеніне ызасы келіп, Құрманғазының «қарасын батыруға» серт байлайды. Ұры деген қағаз жасатып, Орданың түрмесіне қаматады. Бірақ Құрманғазы онда көп жатпай қашып кетеді. Жайықтан өтіп, Бөкей хандығының жерін артқа тастаған Құрманғазы күндердің күнінде Үстіртке келеді. Оның жоғарына көтерілер жердегі құз-қиясын көріп тамашалайды. Қарсы келе жатқан керуеннен асудың сырын сұрап, әңгімеге біраз қанығады...