А
А. Құнанбаевтың туған жерінде өтетін шараларға 30 мыңнан астам адам қатыспақ Абай облысында ұлы ақын Абай Құнанбаевтың мерейтойына орай көптеген шара ұйымдастыру көзделген. Оған 30 мыңнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр. Олардың арасында 15 елден шетелдік делегация, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, жастар, өнер өкілдері және БАҚ өкілдері бар. Қазір Абай ауданында 200-ден астам киіз үй тігіліп жатыр. Шараларды ұйымдастыруға жүздеген мәдениет қайраткері, аспаздар, техникалық мамандар, 530 волонтер, ардагерлер атсалысады. Бұл туралы Абай облысы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Мұстафин ОКҚ брифингінде мәлімдеді...