Тұсау кесу.
Жуырда белгілі бір азаматтың тұсау кесер тойында қонақта болып қалдық. Өздерін зиялылар қатарына қосып жүрген үш әйел қайшыларын қайшылап, енді ғана қадам баса бастаған жас қыз баланы жарты сағат бойы шырылдатып, тұсауын үш мәрте кессе (дұрысы қырықса, себебі қайшымен қырықты ғой) бола ма?! Бірі шығыстағы қысық көзді көршіміз синтетикалық мақтамен ширатып әзірлеп берген базардағы ала жіппен, екіншісі кепкен тоқ ішекпен, үшіншісі қураған көк шөппен. Үшеуі де еңкейіп-тұруы қиындау әйелдер екен, ала келген «жіптерін» сондағы қызметте жүрген келіндеріне байлатты...