Узбекские студенты в Шымкенте пожаловались на насилие со стороны местных жителей
Полиция Шымкента провела расследование систематических избиений казахстанцами студентов Регионального социально-инновационного университета, приехавших из Узбекистана. Об этом сообщает КазТАГ со ссылкой на департамент полиции города. Ранее узбекские студенты записали видео, в котором пожаловались, что в течение долгого времени подвергаются избиениям со стороны местных жителей. На ролик отреагировал узбекский МИД. Как сообщается на сайте ведомства, посольство Узбекистана в Казахстане и генконсульство в Алма-Ате, в консульский округ которого входит Шымкент, взяли ситуацию на контроль...
Олар балаларға әлеуметтік медициналық-педагогикалық қолдау көрсетуге аса қажеттілік байқалатын өңірлерде іске қосылады. 2023 жылы елімізде 11 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК), 4 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті және бір оңалту орталығы ашылады. Бүгінгі күні елімізде 89 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, 208 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 13 оңалту орталығы жұмыс істейді. «Оқу-ағарту министрлігі 2025 жылға дейін ПМПК желісін 50 000 балаға шаққанда 1 ПМПК есебінен 125-ке дейін кеңейтуді жоспарлап отыр. ПМПК және түзету кабинеттерінің саны жыл сайын артып келе жатқанын атап өткім келеді. Қарағанды, Ақтау, Шымкент қалаларында, Маңғыстау және Алматы облысында психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар ашылды. Түзету кабинеттері мен оңалту орталықтарының саны да артып келеді. Соңғы екі жылда 13 түзету кабинеті ашылды. Яғни балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамту айтарлықтай кеңейіп жатыр. Бұл балалар мүгедектігінің алдын алуға және азайтуға ықпал етеді», -  деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры Әйгерім Кудеринова. Сонымен қатар елімізде арнайы білім беретін ұйымдардың саны да өсті. Балалар жылында елімізде Тараз, Орал және Қарағанды ​​қалаларында аутизммен ауыратын балаларға арналған үш қолдау орталығы ашылды. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. ortcom.kz/...121