Слава - Стань сильней
АМЕРИКАДАҒЫ «АДАЙЛАР»
Қазақта «асың барда ел таны беріп жүріп, атың барда жер таны желіп жүріп» деген сөз бар. Менің Асхат Абаев есімді бөлеме жер танудың сәті түсіп, әлемді көріп-білу мақсатымен Америкада жүргеніне біраз болып қалды. Өздерін демократияның отанымыз деп есептейтін, түрлі халықтардан құралған америкалықтардың әпенділігі де жоқ емес. Жалпы, өмірге көзқарасы, өзін-өзі ұстау жағынан да ерекше. Алайда олар белгілі бір саланың маманы болмаса, екінші салаға жоламайды. Ол америкалықтар үшін ақылға сыймайтын нәрсе...
Афроамерикандықтар Америка Құрама Штаттарындағы азамат соғысының аяқталуына қалай әсер етті?
АҚШ мемлекетінің 1783 жылы құрылғанына дейін, ағылшындар бақылаған Солтүстік Америка аймағында еңбек күшін арзандатып, жалдамалы еңбек күшінің арасалмағын азайту үшін жергілікті аймақты отарлап жатқан ағылшындар Африкадан қара түстілерді тасығаны белгілі. Қара түстілердің негізгі жұмысы - маусымдық жұмыс күшін талап ететін аграрлық секторда болды. Жүздеген, мыңдаған гектарлық егістік алқаптарынан өнімалу үшін - мыңдаған адам керек. Жаңа заманда, әсіресе өнеркәсіп төңкерісі келе қоймаған отарлық аймақтарда негізгі экономикалық серпін беретін сала ол - ауылшаруашылығы, яғни аграрлық сектор болды...