Жаз маусымының екінші айы аяқталып қалды. Күннің аптап ыстығынан қала тұрғындары табиғат аясына шығып, су жағалауға мәжбүр. Алматы маңындағы жалғыз су қойма Қапшағайдың жағасы әсіресе дем алыс күндері көлеңкені тасалап, салқын суға шомылушыларға лық толы. Бір сөзбен айтқанда елімізде шомылу маусымы қызып тұрған шақ. Бірақ, қызықты дем алыс күндеріне көңілге қаяу түсіретін ақпараттар да жетіп артылады. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Шомылу маусымы және өрт қаупі...
🚰⛑️ «Қазақстан мен әлемдегі сумен жабдықтау және санитария мәселелері» 💦 БҰҰ мәліметтері бойынша бүкіл әлемде әрбір үшінші адам қауіпсіз ауыз суға қол жеткізе алмайды, 2,4 миллиард адам негізгі санитарлық қызметтерге қол жеткізе алмайды (дәретханалар немесе жабдықталған шұңқырлар) және 900 миллионға жуық адам ашық дәретханаларға баруды жалғастыруда. ✔️ Бұл арада адамзаттың қалдықтары болып табылатын ағынды сулардың 80%-тен астамы экожүйеге тиісті тазартусыз немесе қайта пайдаланусыз түседі, бұл экология мен халықтың денсаулығына теріс әсер етеді. 🏙️ Мәлім болғандай, негізгі коммуналдық ыңғайлылықтардың, атап айтқанда, дәретхана мен жуынатын бөлменің немесе үйдің ішіндегі душтың болуы жайлы өмір сүру ортасын құрудың критерийлерінің бірі деп атауға болады. Сондықтан барлық елдерде санитарлық мәселелерге ерекше назар аударылады. 📊 Осылайша, ЭЫДҰ "Better Life" индексінің деректері бойынша ЭЫДҰ елдері халқының орта есеппен 97%-і ағызу жүйесімен жабдықталған дәретханасы бар үйлерде тұрады. Алайда, ОАР - 64%, Мексика - 74,1% сияқты елдерде ағызу жүйесімен дәретханаға жеке қолжетімділік бар. 📝 Ұлттық статистика бюросының 2022 жылғы мәліметтері бойынша Қазақстанда тұрғын үйлер 98% сумен қамтамасыз етілген, қалалық жерлерде бұл көрсеткіш 100%, ал ауылдық елді мекендерде 95% құрайды. 🏡 Кәрізбен жабдықталған тұрғын үйлердің үлесі 74% құрайды, бұл 2013 жылмен салыстырғанда, 15 проценттік тармаққа артық (59%). Бұл ретте, ауылдық жерлерде тұрғын үйлердің небәрі 45%-інде кәріз жүйесі бар (2013 жылмен салыстырғанда, кәрізбен ауылдық үйлердің үлесі 21 пайыздық тармаққа өсті). 🛁 Елде жуынатын бөлмемен немесе душпен жабдықталған тұрғын үй-жайлардың жалпы ауданының үлесі 44%-ті құрады және бірнеше жыл бойы қалалық жерлерде 63%, ауылдық жерлерде 9% іс жүзінде бірдей деңгейде қалып отыр. ▪️ Осындай жағдай орталық ыстық сумен жабдықтауда да байқалады, онда соңғы 10 жылда оның ел бойынша қамтамасыз етілуі небәрі 2%-ке (36%-тен 38%-ке дейін) артты, бұл ретте, ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш 2% деңгейінде қалды. 👨🏻💻 Ерлан Каримов, ӨЗО директоры 🔸Толығырақ сайтымызда: https://economy.kz/kz/Mnenija/id=595 #Регионы #Аймақтар #Regions #ЭкспертноеМнение #МаманПікірі