Жау жағадан алып, елдікке қауіп төңген XVIII ғасыр – қазақ халқының тарихында билер мен батырлар заманы болып қалатыны анық. Осынау елдікке сын түскен заманда – руын аман сақтап, жүзін қорғап, елі үшін соғысатын батырлар шыққаны анық. Батыр болған жерде – батырға сын айтатын биде туатындығы белгілі. Батыр мен биді есейтетінде елдің қамы. Әрине, екеуінің мойындалуы екі басқа. Бірі дау шешсе, екінші жауды елін қорғап, жауын жеңеді. Осы елдің қамы деп батыр да биде атқа қонған. Иә, елдің қамы болмаса – көшпелі кезеңде әрбір қазақ малын бағу үшін атқа қонғаны анық...
Қазақ хандығының тарихында шығыстағы және батыстағы көршілері ойрат тайпаларымен 130 жылдығының бейбіт күндері XVI ғасырдың соңғы ширегіне тұспа-тұс келген болатын. Жалпы ойраттар - моңғол тілдес халық. Моңғол тайпаларының Қытайды жаулап алуға кетуімен, Моңғолия даласына солтүстік орманды алқаптарынан қоныстанған делінеді. Ойрат ұғымы - моңғолша ой - орман, арат - халық деген мағына береді. Моңғолдық деректерде оларды орман халықтары дейді. Жазба деректерінде ХІІІ ғасырдан бастап кездеседі. Шыңғыс ханға дейінде өз мемлекеттері болғандығы айтылады...