Неліктен Американдықтардың 1775-1783 жж. ұлт-азаттық күресін буржуазиялық революция деп атайды?
Еуропада басталған ағартушылық қозғалыстың төменнен басталған түрі 1775 жылы Солтүстік Америка құрлығында жергілікті еуропалықтардың өз қожайындарына қарсы күресінің басталуына себепкер болды. Бұл күрес 1783 жылға дейін созылып Солтүстік Америка Құрама штаттары аталған Тәуелсіз мемлекеттің пайда болуына алып келді. 1640 жылы Англияда басталған буржуазиялық революция жеңіске жеткенімен кейін Англияда республикалық басқару құлап, монархия қайта орнағаны белгілі. Солтүстік Американың ағылшын отарларында экономикалық қанаулары күшті болды...
Реформация кезеңіндегі Мартин Лютер, Жан Кальвин, Томас Мюнцердің әлеуметтік көзқарастары
XVI ғасырда Германия жеріндегі Рим папасының экономикалық қыспағына қарсы діни бұқаралық қозғалыстардың көсемдері саналған Мартин Лютердің, Жан Кальвиннің және Томас Мюнцердің әлеуметтік көзқарастары бір-біріне қарама-қайшы болды. Бұлай қарама-қайшы болуы өскен ортасы мен қолдаушыларының әрқилы әлеуметтік таптар мен топтар болуынан еді. Реформациялық қозғалыстың басында тұрған Мартин Лютерді дворяндар мен ірі феодалдық топтар қолдады. Олар шіркеуге түсетін қаржыға бақылап, басқарушы топтың әсерімен қоғамның қажеттілігіне жұмсағысы келді...